Түркістанда «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» бағдарламасы талқыланды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістанда қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қасиетті Меккеден оралған бір топ қажылармен кездесу өтті. Басқосуда  «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламасындағы басым бағыттар мен дін және дәстүрдің сабақтастығы сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Жиында сондай-ақ қажылық сапардың құндылығы мен қасиеті туралы,  имандылық пен жастар тәрбиесі де қамтылып өтті. Көпшілік алдында сөйлеген қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан  Букебаев қажылықтан оралған жамағатқа алдағы уақытта осы асыл ғибадаттың ғибратын жастар арасында насихаттап, ұрпағымызды имандылыққа баулу жолында жұмыла жұмыс жасауға шақырды.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық код ұғымының бір қайнары - адам бойындағы асыл қасиет сенім, таным, имани көзқараста екендігін алға тартты. Ғасырлар қойнауында жатқан рухани құндылықтарымызды ұрпақ санасында ұлттық қасиетін сақтай отырып, қайта жаңғырту бүгінгі көзіқарақтылардың әрбірінің келешек алдындағы борышы екендігін салмақтап айтты.

Сонымен қатар кездесуге жиналғандар ұлттық рухани болмыстың сақталуына бағыт беретін, ұлттық санаға әсер ететін күш - тіл туралы тоқтала келіп, қазақ әліпбиінің  латын қарпіне көшіру туралы Елбасы бастамасын бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді. Қазақ тарихындағы тілдің өткені мен бүгінен әңгіме қозғады. 

Соңғы жаңалықтар