Түркістан түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы болады

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Түркістан қаласы 2017 жылы бүкіл түркі әлемінің мәдени астанасы болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» АА-нің тілшісі.

ТҮРКСОЙ ұйымына мүше мемлекеттердің Мәдениет министрлерінің 34-ші тұрақты кеңесінде және «Шеки - түркі әлеменің 2016 жылғы мәдени астанасы» жылының аяқталуына арналған рәсімде осындай шешім қабылданды.

ТҮРКСОЙ ұйымына мүше мемлекеттердің Мәдениет министрлерінің 34-ші тұрақты кеңесінің күн тәртібіне аталмыш ұйымның өткен жылғы атқарған істері, дәстүрлі фестивальдарға қатысты талқылаулар, ағымдағы және жаңа жобаларға қатысты мәселелер енгізілген болатын.

«Шеки қаласы 2016 жыл бойына бүкіл түркі әлемінің мәдениет қайраткерлерін жоғары деңгейде қарсы алды. Түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесінің арқасында Әзербайжанның осынау тарихи қаласы өзін әлемге паш етті. Бүгінгі шарада Қазақстанның Түркістан қаласы түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы болып сайланды»,-деді ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов.

Сонымен бірге ол Түрік мәдениеті халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) түркі халықтары арасында достық қарым-қатынасты қалыптастырып, баурластық байланыстарды нығайту, түркі халықтарына ортақ мәдениетті өскелең ұрпаққа жеткізіп оны насихаттау бағытында 20 жылдан астам уақыттан бері тиімді жұмыстар атқарып келе жатқандығын атап өтті.

ТҮРКСОЙ ұйымының ең сәтті жобаларының бірі - 2012 жылдан бастап, түркі әлемінің мәдени астаналарын сайлау болып табылатындығы айтылды.

Соңғы жаңалықтар