Turkish Airlines ұшағы жарылғыш туралы хабардан кейін Алжирге қонды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстанбұлдан Касабланкаға (Марокко) бет алған Turkish Airlines авиакомпаниясының ұшағы бомба туралы хабар алған соң Алжир астанасының әуежайына шұғыл қонды. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі хабарлады.

Ұшақ жерге қонған соң оның жолаушылары эвакуацияланды. Полиция қызметкерлері әуе кемесін тінтіп шықты. Алайда жарылғыш табылмады. Оқиғадан зардап шеккендер туралы әзірге хабарланбады.

Соңғы жаңалықтар