Түркіменстан президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұxамедовтің Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетінін мәлімдеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақында Өзбекстан президентінің Қазақстанға жасаған сапары сәтті өтті. Күні кеше ғана Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бакуде ресми сапармен болды. Енді бізге Астанаға Түркіменстан президенті мемлекеттік сапармен келеді. Осылайша, еліміздің саяси өмірі үлкен оқиғаларға толы екенін анық байқауға болады», - деді министр Әбдіраxманов шет мемлекеттердің елшілерімен кездесуі кезінде.

Белгілі болғандай, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұxамедовтің сапары 12 сәуірге жоспарланған. 

Сондай-ақ министр Астанадағы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінде барлық қатысушы мемлекеттердің жоғары деңгейде өз жетістіктерін таныстыра алатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, бүгінгі кездесу Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын шет елдің дипломаттарына таныстыруға арналып отыр.

Еске сала кетейік, Түркіменстанда биылғы жылдың 12 ақпанында өткен президенттік сайлауда Гурбангулы Бердімұхамедов үшінші рет республика басшысы болып қайта сайланған болатын . Оған сайлаушылардың 97,69% дауыс берген еді.

Соңғы жаңалықтар