Түркіменстан Қазақстанмен визасыз режимді тоқтатты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Түркіменстан шекарасында қауіпсіздік шаралары күшейді. Көрші елдің билігі шетел азаматтарына елге келудің оңайлатылған тәртібін тоқтатты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Еске сала кетейік, біздің еліміздің Маңғыстау облысында тұрақты тұратын азаматтары Түркіменстанның Балқан уәлаятының аумағына визасыз бес тәулікке дейін кіріп-шығуына мүмкіндік берілген еді. Қазақстан азаматтарының мекенжайы жеке куәліктерінде (төлқұжаттарында) тіркелген жер арқылы анықталады.

«Қауіпсіздік шаралары күшейді. Осыған орай елге кірудің оңайлатылған режимі тоқтатылды. Бұл шаралар бірнеше күнге созылған сияқты. Түркіменстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес, Қазақстан азаматтары оңайлатылған мерзімнен көп тоқталатын болса, белгіленген тәртіп негізінде визамен жүзеге асады. Оңайлатылған тәртіппен кірген ҚР азаматтары Түркіменстан аумағына белгіленген аймақтан халықаралық хабарламада анықталған бекеттің рұқсатнамасымен шығарылады», - деп түсіндірді Маңғыстау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Мақсат Ақмұратов.

 

Соңғы жаңалықтар