Түркі тілдес елдер бірлескен инфрақұрылым қорын құрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркі тілдес елдер бірлесіп инфрақұрылым қорын құруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Trend .

Бұл жайлы Түркияның экономика министрі Нихат Зейбекчи Ыстанбұлда өткен Түркі тілдес елдер ынтымақтастығы кеңесіне мүше-мемлекеттер министрлерінің VII отырысында мәлім етті.

Отырыс барысында тиісті келісімдерге қол жеткізілді. Сонымен қатар, Зейбекчи қор құру бойынша ұйымдастыру жұмыстары түріктің Eximbank-іне тапсырылатынын айтты. Түркі тілдес елдермен ынтымақтастық жөнінде айта келе министр Түркия жыл соңына дейін Әзербайжанмен пұрсатты сауда жөніндегі келісім аясындағы жұмыстарды толықтай аяқтауды жоспарлап отырғанын айтты. Зейбекчидің айтуынша, Түркия  Өзбекстанмен де осындай келісімдерге қол жеткізуге ниетті. Министрдің пікірінше, тасымал және логистика саласындағы ынтымақтастықтар бойынша түркі тілдес елдердің мүмкіндіктері көп.

Айта кетейік, Ыстанбұлда Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесіне мүше-мемлекеттердің экономика министрлерінің VII отырысы өтті. Ұйым құрамына Қазақстан, Әзербайжан, Түркия және Қырғызстан кіреді. 

Соңғы жаңалықтар