Түркі дүниесінің мәдени астанасы - Кастамону қаласы туралы не білеміз

None
None
    ТҮРКИЯ-КАСТАМОНУ. ҚазАқпарат - Түркияның Кастамону қаласы Түркі дүниесінің 2018 жылғы астанасы болып жарияланғаны көзі қарақты көпшілікке белгілі болса керек. Назарларыңызға айшықты оқиғаның салтанатты ашылу расіміне қатысып қайтқан тілшіміз Ризабек Нүсіпбекұлының сапарынан естелігін ұсынамыз.

Қара теңіз жағалауындағы көне шаһар

null
 

Бауырлас халықтардың басын біріктіруге арналған татулық тойының куәсі болуға, ТҮРІКСОЙ ұйымына мүше елдердің журналистерімен бірге Анадолы топырағына ат басын тіреген едік. Көптен көрмеген туыстары келгендей түркі жұрты құшақ жая қарсы алды.

Қара теңіз жағалауында 780 м биіктікте орналасқан Кастамону шаһары тарихы терең, мәдениеті бай әулие - әмбиелердің ізі қалған қасиетті мекендердің бірі екен. Орталық Азиядағы ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің шәкірттері арқылы жеткен ілім бұл мекенге де үлкен ықпал етіпті.

Кастамону қаласының негізі біздің дәуірімізге дейінгі XVIII ғасырда қаланған. Әр кезеңдерде Фригия мен Лидия, парсы, Македония, римдіктер, византиялықтар, селжұқтар патшалығының, Әмір Темірдің билігінде болған. 1461 жылы Сұлтан II Мехмед бастаған Осман империясы басып кірген. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде, Истелопа портының көмегімен Кастамону тәуелсіздік үшін күресте әскерлерді материалдық және техникалық қолдау көрсету орны болды. 

Шамамен 375 мың халқы бар. Негізгі бөлігі - түріктер, аз саны - ассимиляцияға ұшыраған түрікмендер. Қала территориясының 65 пайызы орманды болып келеді. Экономика негізінен ауыл шаруашылығына негізделген және бұл өлкенің жалпы табысының 40% құрайды. Қалған пайда - ағаш өңдеу өнеркәсібі, тоқыма,  балық аулау, мыс өндіру басқада  орта және шағын бизнес түрлерінен келеді.

Күмбірлеген кесенелер құпиясы
null 

Кастамону туризм саласын  енді ғана жандандырып келе жатқан қалалар қатарында көрінеді. Деседе мұнда келушілердің қатары аз емес. Туристік бағыттарына мәдени және тарихи ескерткіштер: белсенді (шаңғы, велоспорт, аң аулау, балық аулау, сафари, ат спорты, гольф); экстремалды (рафтинг, спелеология, альпинизм, парапланеринг, виндсерфинг, суға секіру); емдік (сауықтыру көздері, емдік балшық) және жағажай (Абана, Бозтыр, Джиде, Даңңұрт, Инеболу) демалыс аймақтары кіреді. 

Мұнда үлкенді-кішілі 500 ге жуық мешіт бар екен. Қаланың қай жағында жүрсеңіз де азан үні естіліп тұрады. Біз ең әуелі 14 ғасырда салынған Исмаил бей кешеніне атбасын бұрған едік. Мешіт аумағында медресселер, керуен сарайлары сонымен бірге арнайы моншасы болған. Тіпті осы өлкені басып өтетін керуендер үшін қоналқы орындар да дайындалған екен. Кезінде батыстан шығысқа, шығысқа батысқа жөңкіген жолаушылар бұл жерге тегін қонып кететін болған екен. Кесене бүгінге дейін ерекше сақталыпты. Бұл да болса тарихы терең түркі бабаларымыздың ерекше құрлыс өнерінің құпиясы болса керек.
null 

Келесі қадамымыз, Осман империясы кезінде негізі қаланған  ежелгі ескерткіштердің  бірі - «Насрулла» мешіті болды. 1506 жылы салыныпты.  Мешітке жақын қаланы қақ жарып ағатын Қарашомақ өзенінің үстіне салынған көпір бар. Бұл да 1501 жылы Насруллақызының қайырымдылық жолымен қаланың екі жағын жалғастырып тұру үшін салынған. Көпір ерекше технологиямен кесілген тастардан жасалыпты. Көпірдің үстінде «садақа тасы» деп аталатын екі тас бар. Ары-бері өткен адамдар осы садақа тасына ақша тастап кетеді. Ондағы ақшаны мұхтаж жандар алып қажетіне жарататын болған.
null

null

null


null  

Кастамонуда мені таңғалдырған тарихи ескерткіштердің бірі  Махмутбей мешіті. ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген. Мешітті1336 жылы Кандароглу Махмутбей салдырған. Өнердің ең керемет детальдарын ерекше шеберлікті осы жерден көруге болады. Мешіттің сырты тас, іші ағаштан салынған. Жұмыртқаның сары уызын қосып, ерекше әдіспен қалаған деседі. Ондағы әдемі өрнектер, ағаш оймалар көз тартады.

null

null 

Ал, тарихи музейлердегі сауыт-сайман, ер-тұрман, ене мен келін қарым-қатынасы, аналарымыз тербеткен тал бесік бәр-бәрі көзіме оттай сасылды. Бұлда болса түркі халықтарының түбірі бір екенігінің тағы бір дәлелі болар.
null

null  

Кастамонудың көрнекті орындары
null 

Қаратеңіз жағасындағы қаланың көркем орындары арасында Валла каньоны, Ылгарини үңгірі, Гидерос шығанағы мен сарқырамаларын, 1885 жылы салынған «Саат Кулеси» сағаттық мұнарасы, «Қастамону» бекінісі, «Жылгаз» ұлттық паркі сонымен бірге  «Шехиншах Кайассы» тастарындағы мраморларды санауға болады.

Қаладан 40 шақырым жердегі «Жылгаз» ұлттық паркіне (Ilgaz Dai Milli Park)   барудың сәті түсті. Теңіз деңгейінен 2800 метір бик басынан қар кетпейтін Жылаз тауындағы демалыс аймағында1500 метірлік шаңғы алаңдары бар. Табиғаты ерекше тамаша біздің Алматыдағы Медеу, Шыбұлақ секілді демалыс орындарын көз алдыңызға әкеледі.
null 

Туристердің көп баратын көркем де тарихи орындардың бірі -  XII ғасырда византиялықтар салған «Қастамону» бекінісі. Қаланың батыс жағына қарай 120 метр биіктікте тұрғызылыпты. «Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді» дегендей «Қастамону» қамалына шықсаңыз қала алақандағыдай көрінеді екен. Осы жерде, Түркия елінде оқып жатқан қазақстандық студенттермен кездесіп қалдық. Коня қаласында оқитын Атырау қаласынан келген Азамат есімді студент өзімен бірге Қазақстанның көк туын көтеріп жүр екен. Болашақ теолог баурымыз туымызды әркез биіктен желбіреткісі келетінін айтады. Азаматтың азаматтығы бізді қатты сүйіндірді. Қазақтың  аспан түстес көк байрағы ай жүлдызды Түрік байрағымен бірге «Қастамонму» қамалының төбесінде желбіреді.
null


null  

Кастамонуда оқып жүр талай қазақ баласы

Кастамонуда орта және жоғары білім берудің өзіндік бағыты қалыптасқан.  Ал Қастымону университеті құрамына білікті мамандар  даярлайтын  8 факультет, 2 институт  4 жоғарғы мектеп және 11 жоғары және кәсіптік техникалық мекткеп бар екен. Оқу орны академиялық және әкімшілік, мәдени және спорт салаларында қызметкерлер дайындайтын «Жастар университеті» ретінде танылған.
null  

Университет Қазақстан,  АҚШ, Португалия, Қырғызстан, Индонезия және Малайзия елдерінің университеттерімен екіжақты әріптестік қарым-қатынастар орнатқан. Осы келісімдердің аясында 2 жылдық жоғары білімнен кейін студенттер бакалавриат бағдарламаларына түсуге, шет елдердегі жоғары оқу орындарында магистратураға түсуге мүмкіндік алады. Келісімдер сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен бірлескен жобалар саласындағы ынтымақтастықты, студенттер мен оқытушылардың алмасуын көздейді. Бұл бағытта Астанадағы С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетімен орман шаруашылығы бойынша бірлескен жобалар атқарып жатқанын білдік.

«Бұл университетте әртүрлі бағдарламамен келіп оқып жатқан қазақстандық студенттердің саны 50 ден асады. Мен Алматыдағы «Тұран» университетінен академиялық мобильдік бағдарлама бойынша келіп, аударма ісі мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Бір  байқағаным бұл жерде тек біліміңмен, еңбегіңмен ғана бағаланасың. Біздегідей таныс-білістің, ақшаның ешбір рөлі жоқ. Оқу сапасы жақсы әділ әрі қатаң», дейді жерлесіміз Мәдина Минжадинқызы.

          Gelişiniz güle güle, gidişiniz güle güle her işiniz güle güle
null 

«Gelişiniz güle güle, gidişiniz güle güle her işiniz güle güle». Бұл  1490 жылдары өмір сүрген түрік ғұламасы  ШЕЙХ ШАБАН-И УЕЛИ-дің (ŞEYH ŞABAN-I VELİ) сөзі. Кастамонудың ұранына айналған сөз. Қаланың әр жеріне, маңдайшалықтарға ойып жазылған. Мағынасы: «Күліп келіңіз, күліп кетіңіз, әр ісіңіз шаттықта толы болсын» дегенді білдіреді екен. Әрине айтылғандай қайда барсаңызда күліп қарсы алады, күліп шығарып салады.
null 

Жол бастаушымыз Мұстафа есімді Кастамону қаласының тумасы өз елінің, өз жерінің нағыз патриоты. Туған жерінің мәдениетін, тарихын әр-бір тасына дейін жаны қалмай жүрекпен таныстырады. «Кастамонудың ауасы саф, адамдары мәрт», - дейді Мұстафа. Шынымен жергілікті тұрғындардың кішіпейілдігін, қонақжайлылығын, имандылығын байқадық.  Сонымен бізде Түркі дүниесінің мәдени астанасы - Кастамону қаласымен «güle güle» қош айттық.
null 

Соңғы жаңалықтар