Түркі дүниесінің ақсақалы Елбасының есімімен елорданы атау өте орынды бастама - Бақытбек Смағұл

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркі дүниесінің ақсақалы Елбасының есімімен елорданы атау өте орынды бастама. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін ҚазАқпарат тілшісіне депутат Бақытбек Смағұл мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл өте орынды бастама деп түсінген жөн. Бүкіл демократиясы әлемге әйгілі АҚШ-та да ең бірінші осы елдің іргесін қалаған Вашингтонның атымен қала аталатыны белгілі. Біз тәуелсіз сана қалыптастыру үшін, еліміздің географиялық тұрған орнымыздың ерекшелігіне, қиындығына байланысты, халықтың азаттыққа деген бабалар арманын, аматын арқалауы тұрғысында осы мәселе қазақ елі үшін өте маңызды. Сондықтан да өзінің терін төккен, елдің даңқын әлемдік деңгейге көтерген, елдің ықыласына кенелген, парасатты, Түркі дүниесінің ақсақалы атанған, алысты жақындатып, аразды достастырған Елбасымыздың аты Қазақстан халқы үшін ерекше. Осы орайда белестен белеске көтерілу үшін «Мәңгілік ел» жолында Тәуелсіз Қазақстанның астанасы Елбасымыздың есімімен аталып жатса, бұл өте лайықты бастама»,-деп тоқталды депутат.

Осы орайда ол бүгін бірлескен отырыстағы ұсынылған бастаманы жақсы шешім деп бағалайтынын және оны халық түсінеді деген ойда екенін атап өтті. Б. Смағұлдың пайымынша, елдің арманын аялаған, өзінің еңбегін елінен аямаған Елбасының есімін халық лайықты дәрежеде ұстауы тиіс.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Қазақстан жетістіктерінің декларациясы» қабылданып, онда Елбасының есімін елорданың және еліміздің басқа да нысандарында көрсету ұсынылған еді.

Соңғы жаңалықтар