Түркі әлемінің тілдік нормасындағы сәйкестікті латын әліпбиі арқылы айқындаймыз - Бекзат Алтынбеков

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Түбіміз бір тұтас түркі әлемінің тілдік нормаларындағы сәйкестіктің негізін біз осы латын графикасы арқылы айқындай аламыз. Латын әліпбиіне көшу турасында Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі, Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты Бекзат Алтынбеков осылай мәлім етті.

«Отанын сүйіп, тәу етер Тәуелсіздігіміздің игілігін қастерлей білетін әрбір азамат Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып отырған Ана тіліміздің қадір-қасиетіне бейжай қарамаса керек-ті. Ал, мына реформа Мәңгілік ел болуды асыл мұрат санаған Қазақ елінің ең басты қасиеті - Ана тіліміздің ұзақмерзімді тағдырына жауап беруге мүдделі. Әлемнің дамыған елдерінің ақпараттық технология мен инновациялық өнеркәсіп саласында тек қана осы латын әліпбиін қолданып отырғандығын ескерсек, Елбасы бастамасымен қолға алынып отырған бұл реформа - тарихи маңызы бар стратегиялық қадам. Тіл - қашаннан ұлт пен ұлысты біріктіруші ұлы күш. Сондай-ақ, түбіміз бір тұтас түркі әлемінің тілдік нормаларындағы сәйкестіктің негізін біз осы латын графикасы арқылы айқындай аламыз», - дейді ҚР Білім меценаты Бекзат Алтынбеков.

Соңғы жаңалықтар