Түркі академиясы Жапониямен ынтымақтастық орнатуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Кеше Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабата мырза  Түркі академиясы халықаралық ұйымында (TWESCO) болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА  twesco.org сайтына сілтеме жасап.

Құрметті мейманды қарсы алған TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі ұйымның қызметі жөнінде жан-жақты әңгімелеп берді.

Тараптар Жапониямен ынтымақтастықты кеңейтіп, бірлескен жобалар жүргізу мүмкіндіктерін талқылады.

Түркі музейін аралап көрген елші мырза Академияның жұмысына зор қызығушылық танытып, келешекте байланыстарды бекітуге жан-жақты қолдау көрсететінін айтты.

Айта кету керек, осы қазан айының соңында Д.Қыдырәлі бастаған TWESCO делегациясы Халықаралық академиялар одағының 89-шы жалпы ассамблея отырысына қатысу үшін Жапонияға аттанады. Сапар аясында Жапония Ғылым академиясы басшыларымен және басқа бірқатар кездесулер жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар