Түркі академиясы даярлаған тарих оқулығы Түркия мектептерінде оқытылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркі Кеңесі мемлекет басшыларының Саммитінің шешімі бойынша Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) дайындаған «Ортақ түркі тарихы» оқулығын Түркия ұлттық білім министрлігі орта мектептердің сегізінші сыныптарында оқу бағдарламасына енгізеді. Бұл туралы Түркияның AA (Anadolu Ajans) ақпарат агенттігі хабарлады.

Anadolu Ajans-тың хабарлауы бойынша, Түркия Білім Министрі Исмет Йылмаздың шешімімен алдағы оқу жылында «Ортақ түркі тарихы» орта мектептерде таңдаулы пән ретінде енгізіледі.

Бұдан бұрын хабарланғандай Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Түркі Кеңесіне мүше елдердің Білім және ғылым министрліктері өкілдері мен сарапшылары ортақ оқулықтың бағдарламасын әзірлеп шыққан болатын.

Соңғы жаңалықтар