Туризмге кедергі құбылысты төтенше оқиға ретінде қабылдау керек - Қожағапанов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл туралы бүгін Астанада Туризм жөніндегі кеңестің отырысында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде әлемде, оның ішінде көршілес елдерде турист үшін бәсекелестік тартыс басталды. Біздің жақында орналасқан бәсекелестеріміз осы саланы дамытуда айтарлықтай белсенділік танытуда. Осы орайда бұл елдер туристік жаңа өнімдерді әзірлеуге ерекше мән беріп отыр, сондықтан бізге туристерге қолайлы жағдай жасауда озып шығу маңызды болып тұр», - деді вице-министр.

Бұл тұрғыда Қожағапанов ел тұрғындары барынша қонақжайлылық танытуы қажеттігін атап өтті.

«Кез келген теріс факті немесе біздің отандастар тарапынан кішкене түсінбестіктің өзі, сондай-ақ айыппұл салуға тырысқан полицейдің әрекеті, шекаралық және кедендік бақылауды ұзақ өту жағдайы, даяшылардың ағылшын тілінде тапсырыс қабылдай алмауы секілді оқиғалар шетелдік туристерді тартуға айтарлықтай кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан Қазақстандағы туристік саяхаттарға байланысты теріс имидждің қалыптасуына жол беруге болмайды. Осы орайда кез келген мұндай теріс құбылысты төтенше оқиға ретінде қабылдауымыз керек. Ал бұған жол бергендер мемлекетке қарсы әрекет жасағанын және елдің мүддесіне нұқсан келтіргенін түсінуі тиіс. Атап айтқанда, бұл шаралардың барлығы тек шетелдік меймандарға қатысты ғана емес, сонымен қатар бірінші кезекте өзіміздің азаматтарға жасалуы керек», - дейді ол.

Вице-министрдің пайымынша, туристік климатты жақсарту тұрғысында жүйелі қадамдарға бару қажет.

Соңғы жаңалықтар