Туризм комитетінің басшысы Түркиядағы қазақстандықтардың оқиғасына қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетінің төрағасы Манюра Мурзамадиева туристік оператордың банкротқа ұшырауынан Түркияда қонақ үйге жайғаса алмаған қазақстандықтардың жағдайына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жағдайды анықтау үшін  шаралар кешенін жүргізіп жатырмыз және Анталиядағы консулдықпен тығыз байланыстымыз. Бұл ретте Түркиядағы туристік оператор кінәлі. «Элит класс» банкротқа ұшыраған, сол себепті өз міндеттерін орындамаған. Қазақстандық компаниялар келісімшарт жасаған түркиялық серіктестердің жауапсыздығынан Түркияға демалуға кеткен туристер қолайсыз жағдайға тап болды.  Аталған жағдайға байланысты, қазақстандық туристерден ұшу алдында қонақ үй мен билеттер үшін ақы төленгенін тексеруді сұраймыз. Бұл Қазақстанның емес, Түркияның туристік операторларының кінәсі», - деп жауап берді Комитет төрағасы ҚазАқпарат тілшісіне. 

Бұған дейін хабарланғандай, «ELITE CLASS» туристік фирмасының банкротқа ұшырауынан Түркияда 30 қазақстандық қонақ үйге жайғаса алмаған. Ірі туристік операторлардың бірі бүгін Түркия уақытымен 14:00-де банкротқа ұшырағандарын жариялады. Қолайсыз жағдайға тап болған қазақстандықтарға Анталиядағы Қазақстан консулдығының қызметкерлері көмектесіп жатыр .   

Соңғы жаңалықтар