Туристік көпсайыс: Ел кубогінің алғашқы кезеңі өтуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Туристік көпсайыс бойынша ҚР кубогінің алғашқы кезеңі өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Көкшетау қаласындағы  №19 орта мектеп пен №5 «Тандау» көпсалалы мектеп гимназиясында облыстық білім басқармасы жанындағы өлкетану және экология, балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан жарысқа солтүстік өңірлерден жиналған спортшылар жасанды рельефте (тау туризмі) туристік көпсайыс бойынша күш сынасуда.

Сайыс «байланыс», «техникалық», «командалық» және «құз» тәрізді төрт кезеңнен тұрады.  Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат - туристік көпсайысты дамыту мен насихаттау, техникалық шеберлікті шыңдап, мықты деген спортшылар мен командаларды анықтау және облыс пен қала құрамасын жасақтау.

«Биылғы жылы жарысқа Астана, Петропавл, Павлодар және Екібастұз қалаларынан келген командалар қатысуда. Ақмола облысынан 5 команда бақ сынауда. Турнирде топ жарған жерлес спортшылар республикалық жарыстарға қатысу үшін Ақмола облысы құрамасының сапына енеді», дейді жарыстың бас төрешісі Евгений Ефремов.

Жарыс 6 қаңтарға дейін жалғасады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың ақпан айында Ақмола облысында «Шаңғы туризмі техникасы» туристік көпсайысы бойынша ел кубогінің кезекті кезеңі өтеді.

null 

Соңғы жаңалықтар