Туристерді қызықтыратын «Qazaqstan3D» жобасы таныстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының қолдауымен Мемлекеттік тілді дамыту қоры әзірлеген «Qazaqstan3D» веб-сайты мен мобильді қосымшасын және «Жеті қазына» энциклопедиялық қосымшасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осындай пайдалы ресурстарды ашу арқылы біз рухани байлығымыз бен ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, тарихымызды кеңінен насихаттауға, жастардың еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, олардың арасындағы ІТ саласындағы білімін жетілдіруге ықпал етеді деген ойдамыз. Біздің қордың басты мақсаттарының бірі -еліміздегі талантты жастарға көмектесіп, қоғамдағы маңызды әлеуметтік жобаларға қолдау жасауға негізделген», -деп деп тоқталды ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
null

Атап айтқанда, «Qazaqstan3D» жобасы Қазақстанды көпшілікке таныстырудағы ерекше мультимедиялық жолсерік іспеттес. Жаңа технологияларға негізделген бұл жобаның басты мақсаты ғаламтор желісінің мүмкіндігі арқылы ел тұрғындарын, шетелдік қонақтарды Қазақстанның көрнекті жерлерімен таныстыру.

Таныстырылым барысында дайындалған веб-сайт пен Android және iOS тұғырнамаларындағы қосымша жүйелі құрылымымен, қолайлы интерфейсімен ерекшеленетіні белгілі болды. Осында еліміздің танымал туристік орындары 3D моделінде көрсетілген. Сайт әлем жұртшылығын Қазақстан туралы толығырақ мағлұмат алуына жол ашады. Жоба қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде ұсынылып отыр.

Бұдан бөлек, қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктер «Жеті қазына» мобильді қосымшасының тұтастай құрылымы мен мазмұнына арқау болды. Қосымшаның «Киелі сандар сыры», «Салт-дәстүр», «Асыл мұра», «Сөз сандық», «Алтын зер», «Тайқазан», «Ұлы Дала ғажайыптары» деп аталатын 7 бөлімі қазақ және орыс тілдерінде мол мағлұмат береді. Ресурс ата-бабамыздан қалған мұра ретінде ұрпаққа жеткізіліп келе жатқан тарихи аңыздар мен шежіреден сыр шертеді, мәдени құндылықтарымызды таныстырады.

«Qazaqstan 3D» мен «Жеті қазына» қосымшаларын Android пен iOS тұғырнамаларында жүктеп алуға болады.

Соңғы жаңалықтар