Түрікменстанның Қазақстандағы елшісі тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып Тойлы Көмеков тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Т. Көмеков 2 сәуір, дүйсенбі күні қызметіне кірісті. Оған дейін екі жыл бойы осы лауазымға ешкім ресми түрде бекітілмеген болатын. Бұл жайлы ҚазАқпарат тілшісіне Түрікменстанның Қазақстандағы елшілігінің өкілдері мәлім етті.

Бұрын Түрікменстанның Қазақстандағы елшісі Мақтымқұлы Ақмырадов болған еді.

Әр кездері Тойлы Көмеков Түрікменстанның Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Мемлекеттік спорт комитетінің басшысы қызметтерін атқарған.

Соңғы жаңалықтар