Түрікменстан президенті Каспий экологиясын қорғауға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов Каспий маңындағы «Аваза» курортына сапары барысында қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына, қолайлы экологиялық жағдайды қолдау қажеттілігіне баса назар аударды, деп хабарлады Тренд «Нейтральный Туркменистан» газетіне сілтеме жасап.

«Аваза» курортының бағыты - сауықтыру, бұған негіз - теңіз маңындағы өңірдің бірегей климаттық жағдайы, емдік гидроминералдық ресурстар», - делінген мақалада.

Каспий теңізі - әлемдік мұхитпен байланысы жоқ, климат құраушы мәні бар әлемдегі ірі құрылықішілік су қоймасы. Бұл жерде әралуан реликтік флора мен фауна сақталған. Оның ішінде бекіре балықтары бар.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Авазада наурызда Халықаралық теңіз институты (IOI) ұйымдастырған «Каспий теңізі - орнықты даму және басқару» өңірлік семинары өтті.

Шараға Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей, Түрікменстан министрліктері мен ведомстволарының мамандары шақыртылды. Семинар барысында өз уақытында жағалау маңындағы елдердің күшін біріктіретін Каспий экологиялық бағдарламасын, Жаһандық экологиялық қор, БҰҰ Даму бағдарламасын, БҰҰ қоршаған ортаны қорғау және Дүниежүзілік банк бағдарламаларын жандандыру қажеттігі аталып өтті.

Семинарда теңіз экожүйесі, климаттың теңіз ортасына ықпалы, теңіз биоалуандылығы, адамның шаруашылық қызметінің қоршаған ортаға ықпалын бағалаудың заманауи әдістері зерделенді. Мұнай және газ ресурстарын барлау және пайдалану, Каспий теңізінің ортасы мен балық қорларын қорғау мақсатында кеме қатынасын реттеу кезінде қолданылатын халықаралық құқықтық нормаларға шолу ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар