Түрікменстан Қазақстанмен шекараны уақытша жапты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ашхабатта жабық ғимараттарда өтетін 5-ші Азия ойындарының өтуіне байланысты шекарадағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Азия ойындар 17 қыркүйекте басталып, 10 күнге жалғасалы. Сондықтан 27 қыркүйекке дейін республикаға оңайлатылған тәртіпте, яғни визасыз келетін шетелдік азаматтар үшін Түрікменстан аумағына кіру уақытша жабылды.

«Шекара ағымдағы жылдың 27 қыркүйегіне дейін жабық. Өздеріңіз білетіндей, Түрікменстанға оңайлатылған тәртіппен келуді бұрын жасалған келісімдерге сәйкес, Маңғыстау облысында тұратын ҚР азаматтары қолданып келді. Олар Түрікменстанның Балқан уәлайаты аумағына визасыз 5 тәулікке дейін келіп, кетіп жүрді», - деді Маңғыстау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Мақсат Ақмұратов.

Оның айтуынша, Қазақстан азаматтарының тұрғылықты жері жеке куәлікте (төлқұжатта) жазылған тіркелу белгісі негізінде анықталады.

Қазіргі таңда Қазақстан-Түрікменстан шекарасында «Темір-баба» автомобиль өткізу бекеті орналасқан. Ол жерде осылай аталатын, сондай-ақ «Болашақ» теміржол шекара бекеттері бар. 

Соңғы жаңалықтар