Түрікменстан электр қуатын Қазақстан мен Қырғызстанға экспорттамақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Өзбекэнерго» компаниясы Түрікменстанның Энергетика министрлігімен электр қуатын транзиттеуге қатысты ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Түрікменбаши қаласындағы «Аваза» конгресс орталығында өткен екі ел президенттерінің келіссөздері нәтижесінде әзірленген құжатқа Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Гуломжон Ибрагимов пен Түрікменстанның Энергетика министрі Чарымырат Пурчеков қол қойды.

gazeta.uz  сайтына Өзбекстан президенті аппаратындағы мәліметті бөлісуші шенеуніктің айтуынша, меморандум Түрікменстанның электр қуатын Қазақстан мен Қырғызстанға Өзбекстанның энергожүйесі арқылы транзиттеу бойынша ынтымақтастықты дамытуды қарастырады.

Құжат сондай-ақ «Түрікменэнерго» ГЭК-тің «Өзбекэнергоға» борышын өзара келіскен баға бойынша электр қуатын жеткізу арқылы өтеуді де қамтиды.

Соңғы жаңалықтар