Түрікмен спортшылары медальдар санын 150-ге жеткізді

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтіп жатқан V Азия ойындарында жергілікті спортшылар медальдар санын 150-ге жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәл қазіргі көрсеткіш бойынша Түрікменстан спортшылары 150 медальмен көш бастап келеді. Оның 59-ы алтын, 43-і күміс, 48-і қола медаль.

Ал бүгін екінші орынға Иран спортшылары көтерілді. Олардың еншісінде 16 алтын, 9 күміс, 27 қола, жалпы 52 медальға қол жеткізді. Үшінші орында 13 алтын, 12 күміс, 14 жалпы 39 медаль иеленген Тайланд құрамасы келеді. Төрттікті Қазақстаннан 1 алтын медаль артық алған Өзбекстан спортшылары уысында ұстап тұр. Олар 10 алтын, 17 күміс, 36 қола жалпы 63 медаль жеңіп алды.

Ал отандастарымыз әзірге 9 алтын, 12 күміс, 17 қола жалпы 38 медальмен бесінші орынға ие болуда.

Айта кетейік, аталмыш байрақты додаға ел намысын қорғауға Қазақстанның 150  спортшысы аттанды. Олар жарыстың 17 түрінен сынға түсуде.

Соңғы жаңалықтар