Түрік ұшағы Иранда апатқа ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аль-Шарджидан Ыстанбұлға бағыт алған Түркия ұшағы Иранның оңтүстік-батысындағы  Шахрекорд қаласына жақын маңда апатқа ұшырады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Иран апаттық-құтқару қызметінің өкілі  Моджтаба Заледидің журналистерге хабарлауынша, түріктің жеке меншіктегі ұшағы Иранның оңтүстік-батысында Киар қаласы жанындағы тауға соқтығысқан.

Алдын ала деректерге қарағанда, ұшақ бортында 11 жолаушы болған. Оқиға орнына құтқарушылар тобы аттанды.

Соңғы жаңалықтар