Түрік ғалымы Астана процесінің ерекшелігі туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 наурыз күні елордаға Ресей, Түркия, Иранның сыртқы істер министрлері - Сирия жөніндегі Астана процесінің кепілгер елдерінің бірінші министрлік деңгейдегі кездесуінің қатысушылары келеді. Осыған орай ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Арнұр Рахымбеков бүгінгі күнгі Сириядағы ахуалға сараптама жасады.

Теке-тірес тараптары арасындағы соғыс іс-қимылдары бірнеше жерде, атап айтқанда, Алеппо, Шам, ракка, Хомс пен Латакия өлкелерінде жүріп жатыр. Алеппо өлкесінің солтүстігіндегі Африн күрд кантонына қарсы 20 қаңтарда «Зәйтүн бұтағы»  деп аталатын түрік әскери операциясы басталған. Ол Түркияның әскери күштері мен «Сирияның демократиялық күштері» бастаған күрдтердің арасындағы соғыс іс-қимылдарының белсенді ұрысын білдіреді. Айта кетерлігі, екі тараптан да келіп түсіп жатқан қаза тапқандардың саны мен иелік еткен аймақтарға қатысты ақпараттар кереғар.  Сарапшылардың басым бөлігінің бағалауына қарағанда,  түрік күштері кантонның 60 пайыз аумағын тазартып үлгерген. 

Анкаралық халықаралық қарым-қатынас жөніндегі профессор доктор Хусейн Багчи «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Сирияның солтүстігінде Түркияның әскери науқаны басталған екі айдың ішінде қандай нәтижеге қол жеткізілгендігін айтып берді. Сарапшының пайымынша, «Зәйтүн бұтақтары» операциясы Түркия шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар өңірлерді террористік элементтерден тазартуға бағытталған. Шам өлкесіндегі соғыс іс-қимылдары Шығыс Гута ауданында шоғырлаған. Бұл азаматтық соғыс басталған сәтте оппозициялық топтар өз бақылауына алған Сирияның алғашқы аудандарының бірі саналады. Қазіргі уақытта олар Гута жазығынан Шам шаһарына шабуылдаса ресми режим күштері де оларға жауап қайтарып жатыр.

Айта кетерлігі, Астанада өткен келіссөздер процесі аясында Сирия аумағында төрт деэсклация аумағын құру туралы уағдаласқа қол жеткізілген болатын. 2017 жылдың 4 мамырында Ресей, Иран және Түркия тарабының келісімімен шығыс Гутада Сириядағы 4 деэскалация аумағының бірі құрылған еді.

Осы тұрғыдан алғанда Х.Багчи Астана процесі Таяу Шығыстағы негізгі ойыншылар үшін барынша талап етілетін формат болып отырғандығын баса айтады. Елордада Ресей, Иран және Түркия Сыртқы істер министрлерінің алдағы уақыттағы кездесуіне қатысты пікір білдірген Х.Багчи сирияаралық келіссөздердің Астанада жалғаса бергендігін құптайтындығына айрықша назар аударды. Оның пайымынша, Қазақ елінің елордасы ресми Дамаскімен қатар сириялық оппозиция өкілдерін қоса алғанда жанжалдасушы барлық тараптың бір үстел басында бас қосуымен ерекшеленеді.

Соңғы жаңалықтар