«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» биыл 168 млрд теңге несие берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» биыл салымшыларға баспана алу үшін 168 млрд теңге несие берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың хабарлауынша, биыл банк салымшыларының депозиттік базасы 30 пайызға артқан. Қазір банкте 988 152 депозитте 477,3 млрд теңге сақталып тұр.

Осылайша банк ұзақмерзімді салымдар бойынша көшбасшы болып тұр.

«Салымшылар негізінен орта есеппен 5 млн теңгеге шот ашады. Өткен жылы көрсеткіш 3,8 млн теңге болатын. 2017 жылы шілдеден бастап банк келісімшартқа комиссияны алып тастады. Содан бері клиенттер қатары күрт көбейді. Биыл шілдеде 58 390 адам келісім шарт жасасса, өткен жылы бұл көрсеткіш 2 есе төмен болған. Биыл 9 айда 255 278 адам шот ашқан. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есе артық. Күн сайын 2000 шот ашылып жатыр», - деді Л.Ибрагимова.

Банктің депозиттік және кредиттік портфелі соңғы үш жылда өсті.

Несие портфелі биыл 114,1 млрд теңгеге өсіп, есептік кезеңде 415 млрд теңгеге жетті.

Өткен жылы бұл көрсеткіш 300,8 млрд теңге болған еді.
«Жалпы алғанда қазақстандықтар баспана алуға екінші деңгейлі банктерден 223 млрд теңге көлемінде несие алса, оның 168 млрд теңгесі «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ еншісінде. Жыл басынан бері банк арқылы 28 990 қазақстандық отбасы баспана алды. Ипотекалық несиенің 75 пайызын «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ берді», - деді Л.Ибрагимова.

Айта кету керек, 2017 жылдың мамырында банк теңге бағамының өзгеруіне байланысты салымшыларға өтемақының екінші траншын төлеген болатын.

Жалпы алғанда екі жылда клиенттерге 49,4 млрд теңге төленді.

Оның 19,4 млрды банктің өз қаражатынан берілді.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ желісі бойынша жыл басынан бері 5400 пәтер берілген.

Соңғы жаңалықтар