Тұрғындарға көмір бірінші кезекте жеткізіледі - ҚР Энергетика министрлігі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрлігі көмірді жөнелту сызбасын қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Энергетика министрлігі осы күндері өңірлердің жергілікті жерлерінде көмір тапшылығы мәселесін талқылауда. Министрлік Үкіметке көмірді жөнелту сызбасын қайта қарастыру бойынша ұсыныс енгізеді. Халықтың коммуналдық тұрмыстық қажеттілігі - басты орында, содан соң жылу электр станциялары, ал одан кейін экспорт», - деп түсіндірді ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев Шығыс Қазақстан облысындағы «Қаражыра» разрезінде өткен көшпелі отырыста.

Министрліктің мәліметінше, 2017 жылы коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халыққа арналған көмір көлемі 12,5 млн тоннаға жеткен, бұл көрсеткіш  2016 жылмен салыстырғанда 18%-ға артық (10,6 млн тонна).

Қаражыра - Қазақстандағы көмір қорына бай кен орындарының бірі, Шығыс Қазақстан облысының Жаңасемей өңірінде, Семей қаласынан  оңтүстік-шығысқа қарай 130 шақырымда орналасқан. Көмір қоры шамамен миллиард тоннада асады.

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Энергетика министрлігі әлеуметтік желіде қауесет пен теріс ақпараттардың жиі таралуына байланысты мәлімдеме жасап, елімізде тұрғындарды көмірмен қамтамасыз етудегі жағдай қалыпты екендігін жеткізді. Министрліктің ақпаратына сәйкес, Қазақстанның өңірлерінде көмір тапшылығы жоқ байқалмайды. 

Соңғы жаңалықтар