Тұрғын үй құрылысына бөлінетін қаржының көлемі артып келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы еліміздегі тұрғын үйлердің құрылысына 740 млрд. теңге салынса, өткен ол қаржының көлемі 830 млрд. теңгені құрады.

 Осылайша, 2016 жылда Қазақстанның тұрғын үй қоры 90 мың баспанаға артты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Ал 2017 жылдың алғашқы тоқсанында тұрғын үй құрылысына 177 млрд. теңге жұмсалды. Сөйтіп, үш айдың ішінде жалпы ауданы 3,1 млн. шаршы метр тұрғын үй немесе 25 мың баспана салынды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 25,3 пайызға артық. Жалпы, биыл "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында шамамен 100 мың баспана салынады. Соның ішінде 25 мың баспана мемлекеттің ақшасына тұрғызылады", - деді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Марxабат Жайымбетов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік , мемлекеттің ақшасына салынатын баспананың ішінде әлеуметтік жағынан аз қамтыған азаматтарға арналған пәтерлер де бар. Ол үшін қазынадан 25 млрд. теңге бөлінді. Ағымдағы жылда облыстарда құрылыс жұмыстары басталуы тиіс. 

Соңғы жаңалықтар