Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 316 мың салымшысы өтемақы алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржысын банк депозиттерінде теңгемен сақтаған 316 мың салымшы өтемақы алды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

«Салымдардың ұлттық валютада өтемділігін сақтау үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 467 мың салымшыға өтемақы төлеуге шешім қабылданды. Оның ішінде, ағымдағы жылы 316 мың салымшы өтемақысын алды», - деді ол.

Министрдің деректеріне қарағанда, аталған мақсатқа 2016 жылы республикалық бюджеттен 18,7 млрд. теңге және ТҚЖБ қаражатынан  9,9 млрд. теңге бөлінген.

«Жалпы, 2015-2016 жылдары «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы экономика өсімінің және жұмыспен қамтудың негізгі локомотивінің бірі болды. Бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде біз 2015-2016 жылдары экономиканың рецессиясына жол бермедік», - деп атап өтті Қ.Бишімбаев.

Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тиімділігі 2015 жылы ішкі жалпы өнім өсімінде 1,3 пайыздық тармақты құрады. 22,5 мың тұрақты жұмыс орнын және 103,1 мың уақытша жұмыс орны құрылды.

«Ағымдағы жылы ішкі жалпы өнімдегі мемлекеттік бағдарламаның үлесі 1,2 пайыз тармақ деңгейінде деп бағаланды. Бұл 200 мың жұмыс орнымен қамтамасыз етті», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар