«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» полицейлерге баспана салу ұсынысы енгізілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Ішкі істер департаментімен бірге «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» филиалына өңірдің полиция қызметкерлері үшін қызметтік үй салу жөнінде ұсыныс енгізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

null  

БҚО-ға жұмыс сапарымен келген ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры міндетін атқарушы Наиль Ахметзакиров пен облыс әкімі Алтай Көлгінов облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметін жетілдіру бағытында меморандумға қол қойды.

null 

Бұл шараға БҚО әкімдігі мен облыс прокуратурасы бастамашы болғандығын атап өткен өңір басшысы Елбасы тапсырмасына сәйкес қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жергілікті полиция қызметіне қолайлы жағдай туғызу алдағы уақытта да билік органдарының назарынан тыс қалмайтындығын жеткізді. Соның ішінде жергілікті полиция қызметі құрылымдық бөлімшелерінің материалдық-техникалық жарақтануын шешіп отыру аса маңызды. Сонымен қатар тұрмыстық мәселелер де ұмыт қалмайды. Бұл орайда БҚО әкімдігі ішкі істер департаментімен бірге «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» филиалына полиция қызметкерлері үшін қызметтік үй салу жөнінде ұсыныс енгізді.

null 

Наиль Ахметзакиров полиция қызметкерлерінің қиын жағдайларда өзін қалай ұстауы керектігі жөнінде нұсқаулар жазылған жаднаманы батысқазақстандық жергілікті полиция қызметіне қолдануды ұсынды. Ұлыбритания, Германия елдерінде полиция қызметкерлері өз жұмыстары барысында пайдаланатын нұсқаулық негізінде жасалған жаднама сақшылардың кәсіби шеберлігін ұштауға септесетін болады.

null 

Кездесуде жергілікті полиция қызметін одан әрі жетілдіру бағытында басқа да ұсыныс-пікірлер айтылды.

Айта кетейік, аталмыш меморандумға сәйкес Құқық қорғау органдары мемлекеттік академиясы батысқазақстандық сақшылар үшін арнайы оқу курсын ұйымдастырмақ.

Соңғы жаңалықтар