«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін» жекешелендіру жалғасуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының және ҚР-дағы шет мемлекеттердің құрметті консулдарының съезінде "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның жекешелендіруге шығарылатыны жайлы тағы айтылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы xолдингі" АҚ басқарма мүшесі әрі басқарушы директоры Айнұр Қуатованың айтуынша, ел экономикасына шетел инвестияцияларын тартудың тағы бір жолы - жекешелендіру. "Бәйтерек" те осы жұмысқа атсыласуды көздейді. Себебі жекешедендіруге шығарылатын бірқатар компаниялар xолдингтің құрамына кіреді.

"Бүгінде біздің еншілес ұйымымыз - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне стратегиялық әріптесті тарту жұмысы басталды. Аталған банк Германияның тәжірибесі негізінде тұрғын үй жинақ жүйесін жүргізіп келеді. Осы орайда құрметті консулдарға банкіміздің стратегиялық әріптесін іздестіруге атсасылуды ұсынамыз. Ол арқылы акционерлік капиталды тартып қана қоймай, ипотекалық несие нарығын да дамытуға болады", - дейді Қуатова. 

Айта кетейік, бұған дейін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы xолдингі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен бөлек тағы үш компанияны жекешелендіруге шығаратынын жариялаған болатын. Олар - «КазЭкспортГарант» АҚ, Қазақстанның инвестициялық қоры дәне Теxнологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік.

Соңғы жаңалықтар