Турецкий хоры Елбасының Астана туралы әнін шырқады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» Орталық концерт залында Астанадағы Мәскеу күндерінің салтанатты ашылуы өтіп, сахнада Турецкий хоры өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Турецкий хорының солистері сөзінің авторы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болып табылатын Астана туралы «Город мой» әнін (музыкасын Төлеген Мұхамеджанов жазған), сондай-ақ қазақ тілінде "Ауылым" композициясын шырқады. 


Мәскеу күндерінің аясында елордада түрлі мәдени-бұқаралық, іскерлік және спорттық, ойын-сауық шаралар өтетін болады. Мәскеу мен Астананың бокстан жасөспірімдер құрама командаларының бірлескен жаттығуы өтіп үлгерді.

Іс-шаралар бағдарламасында сондай-ақ Мәскеу мен Астана ынтымақтастығының іскерлік форумы, «Мәскеу және Қазақстан. 20-ғасырдың суреттер жылнамасы» атты фотокөрме бар.

24 тамыз күні Мәскеудің ЭКСПО-2017 көрмесіндегі іскерлік сессиясы өтеді. Ал кешке «Астана» концерттік залында «Гжель» Мәскеу мемлекеттік академиялық би театрының гала-концерті жоспарланған.

25 тамызда бірқатар шара өтеді: Кафедралды соборында Успения Аса қасиетті Құдай ананың құрметіне құлшылық ету, «Мәскеу-Астана» Халықаралық мәдени-гуманитарлық форум, кітаптар көрмесі, театр және кино актеры, Ресейдің халық әртісі Дмитрий Харатьянның шығармашылық кеші.

26 тамыз күні «Мәскеу» журналының бас редакторы Владислав Артемовтың шығармашылық кеші өтеді.

Соңғы жаңалықтар