Тұрақтылықты нығайту имамдар жұмысының маңызды бөлігі - Бас мүфти

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораза жұртшылықпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас мүфти мен облыс әкімінің кездесуі барысында өңірдегі діни ахуалға, елімізде бейбітшілік пен бірлікті қолдауға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

«Көпконфессиялы елімізде халқымыз бірлік пен ынтымақтастықта өмір сүруде. Бұл - Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі. Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Сіздің бастамаларыңыз бен іскерлігіңіз көпұлтты елімізде бейбітшілік пен келісімді нығайтуға үлкен үлес қосады деп үміттенеміз. Бүгінгі таңда өңірдегі діни ахуал тұрақты», - деді Нұрлан Ноғаев.

Бас мүфти өз сөзінде Маңғыстау облысына сапары және өңірімізге сапары барысында қандай бағдарлама көзделгені туралы әңгімеледі. Содан соң облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен Бас мүфти Серікбай қажы Ораза облыс жұртшылығымен кездесті.

«Біз көпұлтты, көпконфессиялы елде тұрамыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған саясат әрбір қазақстандықтың қандай дінді ұстанатынына қарамастан, бейбітшілік пен бірлікте өмір сүруіне мүмкіндік береді. Тұрақтылық - бірлік кепілі. Бұл халқымыздың өз болашағын қалауына жағдай жасайды. Бүгінгі күні өңірде төрт конфессияны білдіретін 41 діни бірлестік бар. Біз діни қызметкерлердің қалыпты жұмыс жасауы үшін барлық жағдайларды жасауға тырысамыз», - деді Нұрлан Ноғаев.

Бас мүфти Атырау тұрғындарына жылы қабылдағандары үшін ризашылығын білдірді.

«Тұрақтылықты нығайту және қазақстандық қоғамды рухани ағарту имамдардың жұмысының маңызды бөлігі болып табылады», - деп атап өтті ҚМДБ төрағасы.

Еске сала кетсек, 2017 жылы 8 желтоқсанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының VIIІ құрылтайында жаңа Бас мүфти болып Серікбай қажы Оразаның сайланды. 

Соңғы жаңалықтар