«Тур де Франстың» төрт мәрте жеңімпазы Фрумның допинг-сынамасы оң нәтиже берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық велошабандоздар одағы (UCI) британдық Крис Фрумға 2017 жылы "Вуэльтадағы" көпкүндікте тапсырған допинг-сынамада сальбутамол заттарының антидопингтік нормадан асып кеткені туралы ескертті.

 Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

Допинг-сынама 2017 жылдың 7 қыркүйегінде Фрум велокөпкүндікте жеңіске жеткен күні алынған еді. "Б" сынамасы да оң нәтиже берді.

Фрум Тур де Франстың" (2013, 2015, 2016, 2017) төрт мәрте жеңімпазы болып табылады. 

Соңғы жаңалықтар