Тунистегі әлемдік жарысқа баратын дзюдошылар белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 19-21 қаңтар күндері Тунисте дзюдодан әлемдік Гран Придің алғашқы кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлемнің 48 елінен 407 дзюдошы қатысатын әлемдік додада  Қазақстан ұлттық құрама сапынан 13 дзюдошы қатысады.

Олар:

1. Жақсыбек Жеңісбек (60 кг)

2. Ғұсман Қырғызбаев (60 кг)

3. Ғұмар Қырғызбаев (66 кг)

4. Ерлан Серікжанов (66 кг)

5. Азамат Мұқанов (73 кг)

6. Жансай Смағұлов (73 кг)

7. Дидар Хамза (81 кг)

8. Қажымұқан Өтеулиев (81 кг)

9. Ислам Бозбаев (90 кг)

10. Дәулетхан Жақыпов (90 кг)

11. Жасұлан Мұхаметханов (-100 кг)

12. Виктор Демьяненко (-100 кг)

13. Санжар Жабборов (+100 кг)

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз  атанған балуанға 700 ұпай, екінші орынға ие болған балуанға 490 ұпай, ал үздік үшінші орын алған балуанға 350 ұпай үлестірілетін болады.

Соңғы жаңалықтар