Тұңғыш рет Сыр өңірінен Қытайға балық экспортталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жақында Сыр өңірінен 60 тонна балық Қытайға экспортталды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық табиғи ресурстар басқармасына сілтеме жасап.

 Өткен жылы облыс бойынша 7 мың 600 тонна балық ауланса, оның 3 мың 400 тоннасы экспортқа шығарылған.

  Бүгінгі күні Арал маңында 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Олар жылына 11 мың тонна дайын өнім шығаруға қауқарлы. Соңғы үш жылда балық өнімінің экспорты екі есеге артып отыр. Өткен жылы 3400 тонна балық өнімі экспортқа шығарылса, оның 70 пайызы Ресейге, 900 тоннаның үстінде Еуропа елдеріне  жөнелтілді. Енді міне Қытай еліне де алғашқы Сыр маржандары экспортталып отыр.

  Аймақта балық қорын сақтау жұмыстары да жүйелі қолға алынған. Жыл сайын Арал теңізі мен оның маңындағы су айдындарына 15 миллиондай шабақ жіберіледі. Мұнан өзге, Қызыл кітапқа енген Арал қаязы балығын көбейту де қолға алынып отыр.

Соңғы жаңалықтар