Тұңғыш Президент күнін 78 павлодарлық отбасы жаңа пәтерде мерекелейді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардағы жаңа «Сарыарқа» шағынауданында төртінші төрт қабатты үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

78 павлодарлық отбасы ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында, бұрынғы «Алюминстрой» кентіндегі  сүрілген екі қабатты үйдің тұрғындары жаңа үйден пәтер  алды.

«Қазіргі күні «Сарыарқа» шағынауданында тағы да бір үйдің құрылысы аяқталуға таяу және тағы үш үйдің құрылысы басталып кетті», - деді Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов  жаңа қоныстанушыларға  пәтер кілтін тапсырып тұрып. - Алдағы уақытта қысқы маусымда сегізінші орамдағы екі қабатты үйлерді сүру көзделіп отыр. Олардың орнында алты көпқабатты үй бой көтереді».

Айта кетер жайт,  жаңа үй «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында үй салудың панельдік технологиясын қолдану арқылы салынған.  Үш кіреберісі бар үйде 51 екі бөлмелі, 24 үш бөлмелі және 3 төрт бөлмелі пәтер бар. Жалпы құрылысқа 756 млн теңге жаратылған.  

Соңғы жаңалықтар