«Түнгі студия» мен «Сенбілік шоу» бағдарламаларының жаңа жүргізушілері кім

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - «Qazaqstan» ұлттық телеарнасындағы үлкен танымалдылыққа ие «Түнгі студия» бағдарламасының жаңа жүргізушісі белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Алдағы уақытта кейбір бағдарламаларды жаңа форматта шығармақпыз. Әсіресе, «Түнгі студия»... Жуықта өздеріңіз білетіндей, ол бағдарламаның жүргізушісі ауысты. Енді ол жаңа жүргізушімен шығатын болады. Сонымен бірге, бағдарламаның форматына шағын өзгерістер енеді. Біздің мақсат - «Түнгі студияны» кең аудиторияға, әсіресе жастарға бағыттау», - деді «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин «Қазмедиада» өткен баспасөз мәслихатында.
null 

Сонымен бірге, Ерлан Қарин бағдарламаны жүргізетін шоуменнің де атын атады.

«Түнгі студия» бағдарламасының жаңа жүргізушісі - елімізге танымал юморист Қайрат Әділгерей. Меніңше, Қайратпен бірге бағдарлама жаңа лепке ие болады деп үміт артамыз», - деді «Қазақстан» телеарнасының төрағасы.

Сонымен қатар, белгілі болғандай «Сенбілік шоу» бағдарламасының да жүргізушілері ауысып жатыр. Аталмыш бағдарламада негізгі жүргізуші - Тұрсынбек Қабатов болмақ.
null 

Соңғы жаңалықтар