Түнгі клубта жаға жыртысқан бойжеткенге жаза кесілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда түнгі клубта төбелесіп, жазалы болған 22 жастағы қарағандылыққа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен жылдың қазан айында Қарағандыдағы караоке клубында қыздар арасында төбелес орын алған. Клубқа әпкесімен бірге туған күнін тойлауға келген қарағандылық таңғы төрт шамасында өзге бір бойжеткенмен сөзге келіп қалған. Нәзік жандылар  әнге тапсырыс беру кезіндегі кезекке таласқан. Ұрыс-керістің соңы  жаға жыртысқан төбелеске ұласады.Бір бірінің шашына жабысқан екі бойжеткен еденге құлап түссе де жұдырықтасуларын қоймаған. Осы кезде 22 жастағы айыпталушы екінші қыздың оң аяғынан оңдырмай тістеп алған. Сонымен қатар зардап шеккен жанның мойны, қолы, беті сырылғанжәне денесі мен аяғы соққыдан қанталап кеткен. Осы төбелеске қатысты қылмыстық істі Қазбекби аудандық соты қараған болатын. Қарсыласын аямай соққыға жыққан айыпталушы сотта өзін қорғау үшін осындай әрекетке барғанын түсіндірген.

Ақыр соңында сот  айыпталушы бойжеткенді  ҚР ҚК 107 бабы 2 бөлігі 5 тармағы бойынша айыпты деп тауып, оған үкім кесті. Сот шешімімен айыпталушыға 1 жыл бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар  айыпталушы жергілікті билік анықтаған  орындарда бір жылда 80 сағат жұмысқа жегілетін болды.

Қазыбекби аудандық сотының баспасөз мәліметінше, сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

  Арайлым Сатыбалдықызы

Соңғы жаңалықтар