Түмендік парашютші Қазақстан рекордына дайындалып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - FlyRoom аэроқұбыр нұсқаушысы Владимир Габченко Шымкент қаласына аттанды, онда ол спортшылар тобымен бірге парашюттік спорт бойынша Қазақстан рекордын ұйымдастырумен шұғылданады.

 Іс-шара 16 қазанға жоспарланған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі 72.ru-ға сілтеме жасап.

Ресейлік спортшылардың қазақстандық әріптестерінен айырмашылығы, олар парашюттік спорт саласында бірнеше рет рекорд орнатқан. Мәселен, тамызда Мәскеу маңындағы әуе айлағында Ресей және әлем рекорды орнатылды: 114 парашютші әуеде үш пішінді бейнеледі.

Түмендік спортшылар бірнеше айтулы жарыстарда топ жарған. Соның ішінде биылғы Ресей мен әлем рекорды да бар. Парашютшілер жаттығу жасап, секіруге дайындалу үшін және жарыстарға қатысу үшін аэродинамикалық құбырларды қолданады. 

Соңғы жаңалықтар