Түмен қазақтары «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» күнін атап өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Түмен қаласындағы «Строитель» ұлттар мәдениеті сарайында Қозы Көрпеш-Баян сұлу спектаклі қойылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА РФ-дағы Қазақстан Елшілігінің сайтына сілтемемен.

Шара 15 сәуір - қазақтардың Ғашықтар күні мерекесіне орай өтті. Бұл күн Ресейде 2011 жылдан бері аталып өтіп келе жатыр.

Рөлдерді Түмен облысы қазақтары ұлттық-мәдени автономиясының жас белсенділері сомдады. Ең кішісі - 12 жаста, ең үлкені - 28 жаста. Ұжым шығармашылық жұмысты жүзеге асыруға барынша жауаптылық танытқан.

nullШара соңы «Строитель» ұлттар мәдениеті сарайының жас белсенділері мен  қазақтардың шығармашылық ұжымы даярлаған концертке ұласты. 

null

Соңғы жаңалықтар