Тұмар ханшайым туралы фильмге кімдер түсіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Тұмар» тарихи фильмінің кейбір кейіпкерлерінің суреттерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің «Тұмар» атты картинамыздың бірнеше кейіпкерлері: Спаргап - @murat_bissenbin  ; Хоман - @erkebulan_dairov  ; Шаксиохар - @berik_aitzhanov  ; Каваз - @azamatc ; қолбасшы Акибатов - @erden_telemisov »,- деп жазады режиссер.

Айта кетейік, Ақан Сатаев сақтардың көшбасшысы - Тұмар ханшайым туралы тарихи фильм түсіріп жатыр. Бұған дейін біз  «Қазақфильмде» Тұмар патшайымды таңдау қалай жүріп жатқандығы туралы толық ақпарат берген болатынбыз . 

Фильм сақ тайпалары патшайым Тұмардың қолбасшылғымен ұлы даланы басып алғысы келген парсы патшасы ІІ Кирге жойқын тойтарыс бергені туралы баяндайды. Кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген арудың тағдыры айтылады. Тарихи кинотуындының тұсаукесері 2018 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Картинаның бас продюссері Әлия Назарбаева, қоюшы режиссер Ақан Сатаев, сценарий авторлары Әлия Назарбаева мен Тимур Жақсылықов, Кастинг-директор Жайна Әбдиева, продюсерлер Анна Чакиртова мен Әлия Меңдығожина.

Соңғы жаңалықтар