«Тұмар» бәйгесі: Үздік өңірлік телеарна анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесін марапаттау салтанатында «Үздік өңірлік телеарна» номинациясын «Zhetisý» арнасы жеңіп алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Үздік ағартушылық бағдарлама» номинациясы бойынша - «Қазақ ТВ» арнасының «Сокровище наций» бағдарламасы жеңімпаз атанса, «Үздік өңірлік телеарна» номинациясы бойынша - «Zhetisý» арнасы өңірлердің арасында үздік деп танылды.

«Тұмар» әрбіріңіздің еншіңізге жазылсын. Мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын», - деді жеңімпазды марапаттаған сенатор Бірғаным Әйтімова.

Еске сала кетсек, «Тұмарға» өтінімдерді қабылдау толығымен автоматтандырылып, kaztube.kz порталының негізінде жүзеге асырылған болатын. Бәйгеге қатысушылардың жоғары белсенділіктерін атап өту керек. Өтінімдерді қабылдау кезеңінде kaztube.kz порталына кірушілер саны 80%-ға өсті, ал өтінімдер саны былтырғы көрсеткішке қарағанда 1,6 есеге артты (240 өтінім).

2018 жылы «Тұмарға» 397 конкурстық жұмыс келіп түсті. Олардың ішінде қазылар алқасы Бәйге ережесінің талаптарына сәйкес рәсімделген 355 конкурстық өтінімді қарауға қабылдады.

Ағымдағы жылғы бәйгеге 14 номинация бойынша өтінімдер қабылдау 15 қаңтар мен 1 наурыз аралығында жүргізілген.

Соңғы жаңалықтар