Түлкінің кесірінен ұшақ Шереметьевоны екі рет айналды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түлкінің өлексесі ұшақтың Шереметьево әуежайын екі рет айналуына себеп болды.

Бұл туралы Ресей газетіне әуе айлағының баспасөз қызметінен хабарлады.

«22 қазанда ұшып-қону алаңында бөгде заттың табылуынан әуе кемесіне екінші айналым жасауға тура келді. Зат алынғаннан кейін ұшақ сәтті қонды», - деді басылымның сұхбаттасы.

Әуежайдың баспасөз қызметінде оқиға сенбі күні таңертең  орын алғанын айтты.

Бұл ретте, БАҚ-та ол заттың түлкінің өлексесі екені жазылса да, баспасөз қызметі «бөгде зат» анықтамасын ұстанып отыр.

Соңғы жаңалықтар