Туған жерінде бір апта демалған Димаш Қытайға қайта оралды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Әнші Димаш Құдайберген бір апта бойы туған жері Ақтөбе қаласында демалды. Ол Қытайдағы турнесін қайта жалғастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Димаш Құдайберген жаңа жылдан соң Ақтөбе қаласына келді. Ол туған-туыстарымен, достарымен, ұстаздарымен кездесті. 

Публикация от марат (@aitimovmarat) Янв 13, 2018 at 12:11 PST

«Елге аз күнге демалысқа келген Димаш балам уақыт тауып келіп, сәлем беріп кетті. Қуанышымызда шек жоқ. Қарапайымдылығыңнан, адами қасиеттеріңнен, тәрбиелілігіңнен айналдым, сендей баланың. Мақтанамын! Аман бол! Сәттілік қайда да серігің болсын, алтыным менің!» - деді Димаштың ұстазы Марат Әйтімов.

Айта кетейік, Ақтөбеге демалуға келген кезінде Димаш Құдайберген шетел төлқұжатын жасатуға халыққа қызмет көрсету орталығына барды. Сонымен қатар, туыстарымен кездесті. Уақытының басым бөлігін демалысқа арнаған әншіні фанаттары әуежайдан күтіп алып, жолға шығарып салды.

«Димаш демалыс алып, үйге келді. Сонымен қатар ол әлі де Ұлттық өнер университетінде білім алады. Биыл төртінші курста. Ол өз оқуын әлемдік турнемен ұштастырып отыр. Тапсырмалар алып, емтиханын тапсырып жүр. Шын мәнінде әлемдік турне Димаш үшін таптырмас шеберлік сабағы, тәжірибе», - деді Димаштың анасы Светлана Айтпаева.

Димаш Құдайберген «BG Talan» қытайлық компаниясымен 1,5 жылға келісімшартқа қол қойды. Екі концерті Қытайдың Джанша және Фуджоу қаласында аншлагпен өтті.

«Димашты Ресей, Канада, АҚШ, Индонезия, ТМД елдерінен концерт қоюға шақырды. Димаш жыл сайын Қазақстанда бір концертін өткізеді», - деді Светлана Айтпаева.

Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі өз парақшасында ұстазына барып, еркін әңгіме айтқанын жазды.

«Ақтөбеде дәріс алған Ахмет Жұбанов атындағы колледжіме барып, ұстаздарыммен көрістім. Мені бағып-қағып өсірген өнердегі әкем, ұстазым Марат ағайымды қатты сағынып қалыппын. Мәре-сәре болып, 3-4 сағаттың қалай тез өтіп кеткенін байқамай да қалыппыз. Сіздің студентіңіз болғаным үшін өзімді бақытты жан санаймын. Әлі күнге дейін ағайдың алдында өзімді кішкентай бала сезініп, қобалжып отырамын», - деп жазды Димаш Құдайберген.  

Ақтөбедегі кезінде дəріс алған жерім Ахмет Жұбанов атындағы колледжіме келіп, ұстаздарыммен көрістім. Мені бағып - қағып өсірген өнердегі , өмірдегі əкем ұстазым - Марат ағайымды қатты сағынып қалыппын. Мəре- сəре болып, 3-4 сағаттың қалай тез өтіп кеткенін байқамай да қалыппыз. Барлық жанкүйерлеріме Марат ағай сəлем жолдап жатыр) Сіздің , студентіңіз болғаным үшін өзімді бақытты жан санаймын! Əлі күнге дейін ағайдың алдында өзімді кішкентай бала сезініп, қобалжып отырамын.😅Мықты шəкірттеріңіз көп бола берсін. Ауырмаңыз, ұзақ жасаңыз сізді қатты жақсы көремін!!! @aitimovmarat ____________________________ Встретился со своими учителями в колледже имени Ахмета Жубанова в Актобе, в котором я раньше учился. Оказывается, я очень соскучился по моему учителю, моему отцу в искусстве, Марату Агай, который воспитал и лелеял меня. Мы были так рады, что не заметили, как быстро прошло 3-4 часа. Всем моим поклонникам Марат Агай передает привет) Я счастлив, что был вашим учеником! Даже сейчас перед Марат Агай я все еще чувствую себя маленьким ребенком и волнуюсь перед ним.😂 Желаю как можно больше способных студентов. Будьте здоровы, живите долго, я вас очень люблю! ____________________________ I have met with my teachers at the College named after Ahmet Zhubanov in Aktobe, where I studied before. I really missed my teacher, my father in the art, Marat agai, who brought me up, who taught me both in professional and personal sides. We were so excited that we didn't notice how quickly 3-4 hours had passed. To all my fans Marat agai sends his warmest greetings) I consider myself very lucky because I was your student! Even now I still feel like a little child and still worry in front him of 😅May you have a lot of powerful and smart students. Be healthy, live long, I love you very much!!! ________________________ 我曾在以前学过的阿克托比的艾米特·朱巴诺夫(Ahmet Zhubanov)的学院见过我的老师。我真的很想念我的老师,我的艺术家父亲Marat agai,他把我带到了我的专业和个人方面。我们很兴奋,我们没有注意到3-4小时过去了。对我所有的球迷Marat阿姨发出他最温暖的问候)我觉得自己非常幸运,因为我是你的学生!即使现在,我仍然觉得自己像一个小孩子,仍然担心在他面前😅可能你有很多有力和聪明的学生。保持健康,活得长久,我非常爱你!!! #DQ #DIMASH #Dears

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) Янв 13, 2018 at 5:44 PST

Соңғы жаңалықтар