Еліміздің солтүстік өңірлерінде халықтың 1 млн адамға кему қаупі бар АСТАНА. ҚазАқпарат - Сарапшылар бүгінде Қазақстанның солтүстік бөлігінде еңбекке қабілетті жастағы азаматтар азайып бара жатқанын айтып, дабыл қағуда. Бұл өз кезегінде қоғамды алаңдататын мәселе екені анық. Бүгінде бағдарлама аясында оңтүстік өңірлерден солтүстік облыстарға көші-қон тек ерікті түрде ғана іске асырылады, яғни отбасыларды мәжбүрлі түрде қоныстандыру деген жоқ. Егер де қазіргі демографиялық, көші-қон үрдістері сақталар болса, солтүстіктегі төрт облыста еңбекке қабілетті адамдарды жоғалту қаупі шынымен де бар. Есептеулерге сүйенсек, 2050 жылға қарай солтүстік өңірлердегі халықтың саны 1 млн адамға азаятыны белгілі болып отыр. Енді осы жағдайға орай дер кезінде қажетті іс-қимылдарды жүзеге асыру үшін жан-жақты пысықталған, салмақты қадамдар қажет болып тұр.
ары қарай