Туған жер: Қызылордада жас суретшінің көрмесі ашылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорданың көркемсурет галереясында қаланың жас суретшісі Дәулет Ділдабектің «Алғашқы қадам, тұңғыш астанам» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Көрме «Туған жер» жобасы аясында өткізіліп отыр.

Шараға Қызылорда облысының зиялы қауым өкілдері, өнер қайраткерлері, студенттер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Көрмеге суретшінің 40-тан астам кескіндемелік шығармалары қойылды.  
null

Дәулет  Ділдабекұлы 1988 жылы 26 қаңтарда Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. Өнер мектебінде «Бейнелеу өнері» пәнінен  мұғалім болып жұмыс істеген 2015 жылдан бастап Өнер студиясын, жасөспірімдерге сурет үйірмелерін ашып, осы бағытта қызмет етіп келеді. Дәулет - келешегінен үлкен үміт күттірген жас қылқалам шеберлерінің бірі.  Көрме 6 қарашаға дейін жалғасады.  

Айта кетейік, Қызылордада 6 қазаннан бері «Туған жер» жобасы аясында түрлі шаралар өтіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар