Туған жер: БҚО-да жаңа көпір пайдалануға берілді

None
None
  ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Батыс Қазақстан облысында жаңа көпір пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына сәйкес «Туған жер» бағдарламасы аясында Шыңғырлау ауданы Белогор ауылы маңында жаңадан салынған көпір ашылды.

Бұл көпірдің орнында бұрын топырақ үйіндісі ғана болған. Көктемде Шыңғырлау өзені тасыған кезде ол шайылып кетіп, осы маңдағы ауылдар тұрғындары қатынассыз қалатын.

Мемлекет басшысының әркімнің туған жеріне көмектесуі қажеттігі жөніндегі бастамасына үн қосқан Шыңғырлау ауылында тұратын өңірге танымал еңбек ардагері, ауданның құрметті азаматы Алғали мен оның ұлы Мирболат Тасмағамбетовтер көпір мәселесін шешуге атсалысты. Сөйтіп 7 млн теңгеге жаңа көпір салынды. 

Белогордағы көпірдің ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімінің орынбасары  Ғабидолла Оспанқұлов «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірде түрлі жобалар жүзеге асқанын жеткізді. Бұл қаржының бір бөлігі бюджет есебінен қаралса, қалғанын меценаттар бөлді. Мұндай жұмыстар биыл да жалғасатын болады. 
null 

Соңғы жаңалықтар