Туған жер: Ақмолалық кəсіпкер туған ауылына шағын футбол алаңын салып берді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Есіл ауданының тұрғыны «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде туған ауылында жасанды жамылғысы бар шағын футбол алаңын салып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Интернациональный ауылындағы орта мектептің жанынан ашылған спорт алаңының құрылысын Қазымбек Ақмағамбетов басқаратын «Шыңғыс хан» ЖШС қолға алған. Осы мақсатта серіктестік есебінен 10 миллион теңге қаржы бөлінген.
null

Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Аманбек Қалжанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Еске сала кетейік, Интернациональный селолық округінде 671 тұрғын болса, оның 161 жастар. Сондықтан қазіргі заманға сай жабдықталған жаңа шағын футбол алаңы ауыл жастарының бұқаралық спортпен шұғылдануына зор септігін тигізбек.
null

Кәсіпкер Қазымбек Ақмағамбетов өткен жылы осы ауылда мұз айдынын да ашқан болатын. Игі істері осымен шектелмей кəсіпкер мектеп  маңындағы бос жатқан жер телімін де шағын саябақ айналдыруды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар