Туған жер: Ақмола облысының кәсіпкерлері бас қосты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Зеренді ауданында «Сыйладым саған, Туған жер!» атты форумы өтті. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау аясында бизнес жəне агроөнеркәсіптік құрылым басшыларының қатысуымен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Куропаткино ауылындағы «Дихан Плюс» ЖШС базасында ұйымдастырылған форум қатысушылары мектеп, балалардың ойын алаңы, демалыс саябағы, хоккей корты, балабақшаны аралап, ауыл тұрғындарының өмірін өз көздерімен көрді.
null 

Форумда «Дихан Плюс» ЖШС директоры Рафит Амирдинов ауылды дамыту туралы сөз қозғады.

«Отанды сүйіп, құрметтеу тек сөзбен ғана шектелмеуі керек. Ісіңмен дəлелдеу қажет. Бірақ ол үлкен күш-жігерді қажет етеді. Біз ең кішкентай ауыл тұрғындары үшін ойын алаңын салдық. Сондай-ақ, кеңсе ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілді, кішігірім дәмхана үшін аумақ бөлінді. Онда ауыл тұрғындары түрлі іс-шаралар өткізе алады. Жоспарлар көп, әрине, оларды жүзеге асырамыр», - деді Рафит Амирдинов. 
null 

Соңғы жаңалықтар