Туған қызын пышақтап тастаған қостанайлық қамауға алынды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Мас күйінде туған қызына пышақ сұғып алған қостанайлық әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталған факт бойынша, ҚР ҚК 106 бабымен сотқа дейінгі тергеу шаралары басталған. Бірақ, ведомствода мәлімдегендей, қылмыстық іс басқа бап бойынша тергелмек.

«Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігімен (адам өлтіруге оқталу) сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Еске салсақ, қайғылы оқиға Қостанай қаласында 7 қаңтар күні сағат 16-30-дар шамасында болған.

32 жастағы әйел мас күйінде 13 жасар қызына пышақ салған. Ауыр дене жарақаттарын алған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Ал облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Игорь Белобржицкий баланың асқазаны мен өкпесіне қатты зақым келгенін айтқан болатын. Қазір бала есін жиды. Жағдайы бірқалыпты.

Соңғы жаңалықтар