Туған анасы мен әжесін өлтірген қарағандылық үйді жарып жібермек болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -Қарағанды облысы Абай қаласының 30 жастағы тұрғыны тұрмыстық газ баллонын жарып, жасаған қылмысын жасырмақ болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

1987 жылғы ер адам Абайдағы үшінші шағын аудандағы үйде анасы мен әжесімен ұрысып қалып, оларды пышақтап, пәтерді өртеген.

«Жас жігіт газ баллонын жарып жіберу арқылы қылмысын жасырмақ болған. Ол жанып жатқан бөлмеге баллонды алып келіп, пәтерден шығып кеткен. Қанды қылмыскер басқа пәтерлердегі бейкүнә адамдардың қаза табуы мүмкін екенін ойламаған. Көршілердің қырағылығы болмағанда, құрбандар саны көп болушы еді», - деді сол кіреберісте тұратын Ольга Свиденко.

Абай аудандық сотының ақпараты бойынша, күдікті 1987 жыл туған, еш жерде жұмыс істемейді. Сот оған қатысты екі айға «қамауға алу» туралы бұлтартпау шарасын қабылдады.   Қылмыскер 15 жылға дейін дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар