Трассалық медпункт инфаркт болған жүргізушіні құтқарып қалды

None
None
  АСТАНА.  ҚазАқпарат - «Қалқаман» трассалық медпунктінің қызметкерлері инфаркт болған жүргізушіні құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-ның хабарлауынша, кеше, 13 қарашада  сағат 16:40-тар шамасында Павлодар облысындағы «Қалқаман» трассалық медициналық-құтқару пунктіне жолда өтіп бара жатқан 62 жастағы жүк көлігін жүргізуші жүрегінің ауырып тұрғанын айтып, көмекке жүгінген.

Дәрігерлер науқасты қарап шығып, электрокардиографиялық зерттеу өткізген соң науқасқа жедел коронарлық синдром (инфаркт) деген диагноз қойды.

Жақын маңдағы аудандық ауруханада кардиологиялық бөлімше болмағандықтан, науқасты тез арада аталмыш медпункт орналасқан жерден 100 шақырым жерде орналасқан Павлодар қаласындағы арнайы емдеу мекемесіне жеткізіп жатқызу туралы шешім қабылданды.

Бригада жүргізушіні реанимобильде емдеу мекемесіне жеткізе отырып, сол сәтте-ақ қажетті емдеу шарасын көрсетті және ағзаларының өмірлік қызметін қадағалап отырды, трассалық пункт диспетчері Павлодар қаласының жедел медициналық көмек көрсету қызметімен хабарласып, жедел жәрдем бригадасының алдарынан күтіп алуын сұрады. 63-ші шақырымды өткенде, науқас кардиологиялық бригадаға тапсырылып, Павлодардағы 2-ші қалалық аурухананың арнайы бөлімшесіне жатқызылды.
null

Қазіргі таңда науқас жансақтау бөлімінде, жағдайы - қалыпты, дәл қазір өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Осылайша, дәр кезінде медициналық көмек көрсетілген науқас құтқарылды, егер жүргізуші көлік жүргізе берсе, жағдайдың қалай болуын болжау мүмкін емес еді.

Трассалық пункт қызметінің бірі - жол-көлік апаты болған жағдайларда шұғыл көмек көрсету және одан басқа жолда өздігінен келіп қаралатын жолаушыларға медициналық көмек көрсету. ТМҚП ашылған сәттен бастап өзі жүгінген 13 мың адамға көмек көрсетті, оның ішіндегі 500 адам емдеу мекемелеріне жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар